ПОДГОТОВКА В ВНЕШНЕЙ ОЦЕНКЕ УЧЕБНЫХ ДОСТИЖЕНИЙ

 

Для подготовки к Внешней оценке учебных достижений среднего образования (ВОУД СО) необходимо пользоваться учебниками, рекомендованными Министерством образования и науки РК, и основываться на спецификации тестов по предметам.

Спецификация теста – документ, в котором описывается общая характеристика теста, количество и содержание заданий, время тестирования по конкретному предмету и дисциплине для определенного экзамена.
Спецификация теста разрабатываются в соответствии Государственным общеобразовательным стандартом образования, общеобразовательной учебной программой.
Спецификация обновляется в соответствии с изменениями Государственного общеобразовательного стандарта образования, учебной программой и с изменениями в форматах проведения экзаменов.
Структура теста для учащихся 4-х классов:

·         15 тестовых заданий по каждому предмету закрытой формы с одним правильным ответом из четырех предложенных вариантов ответов.

·         По литературному чтению включены текстовые задания на проверку грамотности чтения.

Максимальный балл для 4-класса – 30 баллов.

Структура теста для учащихся 9-х классов:

·         Казахский язык – 20 тестовых заданий с одним правильным ответом из пяти предложенных вариантов ответов;

·         Один из общеобразовательных предметов – 40 тестовых заданий:

                      - 25 тестовых заданий с одним правильным ответом из пяти предложенных вариантов ответов, из них 5 тестовых заданий к контексту;
                      - 15 тестовых заданий с одним или несколькими правильными ответами из множества предложенных вариантов ответов.

Максимальный балл для 9-класса – 75 баллов.

Структура теста для учащихся 11-х классов:

·         1-ый предмет – 20 тестовых заданий с одним правильным ответом из пяти предложенных вариантов ответов;

·         2-3 предметы – по 30 тестовых заданий, из них:   - 20 тестовых заданий с одним правильным ответом из пяти предложенных вариантов ответов
                     - 10 тестовых заданий с одним или несколькими правильными ответами из множества предложенных вариантов ответов. 
Максимальный балл для 11-класса – 100 баллов.

Оценивание тестовых заданий ВОУД СО:

·         за каждый верный ответ на тестовое задание с одним правильным ответом учащийся получает 1 балл;

·         за тестовое задание с одним или несколькими правильными ответами при выборе всех правильных ответов учащийся получает 2 балла;

·         с одной ошибкой – 1 балл;

·         с двумя или более ошибками – 0 баллов.

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

 

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.

Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.

Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

·         әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, 15 жабық түрдегі тест тапсырмасы;

·         әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндік тапсырмалар енгізілген.

4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

·         Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

·         Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы:

         - 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы, оның ішінде контекстке арналған 5 тест тапсырмасы;

         - 15 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы.

9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл.

11-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

·         1-ші пән – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма;

·         2-3 пәндер 30 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде:

         - берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

         - берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы.

11-сынып бойынша максималды балл – 100 балл.

Тест тапсырмаларының бағалануы:

·         бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл;

·         бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – барлық  дұрыс жауапты анықтаған жағдайда – 2 балл;

·         бір қате жіберілсе – 1 балл;

·         екі немесе одан да көп қате – 0 балл.